30 қазан күні Өскемен жоғары политехникалық колледжінің қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық дебат турнирі өтті.
Қызу, бірақ көңілді және достық атмосферада 12 команда жарысты, олардың арасында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жоғары IT-колледж командасы да бар. 18-ОП-1ки тобының студенті Ералы Ринатов және 20-ВТ-1к тобының студенті Шерхан Юнусов өз бақтарын сынап көрді. IT-колледж командасы дебаттарға алғаш рет қатысты. Басқа құрамаларға қарағанда тәжірибелері аз. Дегенмен, ақыл мен таланттың, жаттықтырушы Ш.А Жадыгеровтың дайындығының арқасында біздің студенттер жартылай финалға шығып, екінші орын алды.
«Басты жүлде - мықты қарсыластармен пікірсайыста алған баға жетпес тәжірибе мен қаланың басқа клубтарымен достық қарым-қатынас орнатуында» дейді жоғары IT-колледж студенттері.