2018 жылдың  27 сәуірде, сағат 14.00-де Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің  6D070200 – Автоматизация және басқару мамандығының докторанты Азаматов Багдат Нурланович «Кеуек нүктелі өздігінен бұзылатын жоғары температуралық материалдарды синтездеуді қолдану арқылы газдарды тазарту жүйесін автоматтандыру» тақырыбындағы PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.

 Ғылыми кеңесшілер:

  1. Квасов Андрей Иванович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан;
  2. Маркин Виктор Борисович - техника ғылымдарының докторы, профессор, «Заманауи арнайы материалдар» кафедрасының меңгерушісі, И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті, Рессей.

Рецензенттер:

  1. Брейдо Иосиф Вульфович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық универстеттің «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қаласы (05.09.03);
  2. Хисаров Булат Джантемирович – техника ғылымдарының кандидаты, Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, Алматы қаласы (05.13.06).

Диссертациялық жұмыстар Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Аспаптар жасау және технологиялық үрдістерді автоматтандыру» кафедрасында орындалды. Қорғау орыс тілінде Г1-139 аудиториясында өтеді.