2017 жылдың 22 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде «6D060100 - Математика», «6D060300 - Механика», «6D070500 - Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 - Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының аға оқытушысы Асем Адилбеккызы Конырханова «6D060100 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Есептелетін шешілімді топтар» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғады. Диссертациялық жұмыс Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Жоғары математика кафедрасында орындалды.
Ғылыми кеңесшілер:
- Н.Г. Хисамиев - физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ профессоры
- В.Н. Романков - физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей, Омбы қ. Ф.М. Достоевский ат. Омбы мемлекеттік университетінің профессоры.
Мұқашева Р., доцент
Математикалық және компьютерлік моделдеу