Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында университет басшылығының «Festo-Синергия» халықаралық білім беру жобасының делегациясымен кездесуі өтті.

Тараптар Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ «Синергия» жобасына қосу, осы жобаны құруға негізделген жетекші компаниялардың мамандарын даярлау бойынша бірлескен педагогикалық ұжым құру және бірлескен зертханалар құру мәселелерін талқылады. Автоматтандыру және электротехника саласында қашықтықтан e-learning-ке арналған бағдарламалық жасақтама мен аппаратураны құру бойынша ұсыныстар қаралды. Күн тәртібіне қос дипломдық бағдарламаларды құрудың перспективалары, шетелдік ғалымдарға халықаралық білім беру бағдарламалары шеңберінде жұмыс істеу мүмкіндігін іске асыру (сондай-ақ ағылшын тілінде) және Festo зертханасынан жабдықтарын бірлесе пайдалану сынды маңызды мәселелер кірді.

Қонақтарға «Цифрлы университет» жобасы таныстырылып, зертханалар, «Үлкен Алтай» мұражайы және Евгений Духаниннің авторлық фотокөрмесіне экскурсия өткізілді.