Бүгінгі күн шетелдік қонақтардың көптеп келуімен ерекшеленді. Академиялық апталық аясында біздің университетке Батыс Саксон Цвикау қолданбалы ғылымдар университетінің және Нюрнберг техникалық университетінің профессорлары доктор Кристиан Браувейлер, доктор Бернд Цирклер және доктор Кай Нобах келді.
Кездесу барысында университет өкілдері жоғары оқу орындары арасындағы көлік инженериясы, логистика, бизнес және кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Неміс университеттері Консорциумының мүшесі, орнықты даму жөніндегі сарапшы - үйлестіруші ШҚТУ-ды әлемдегі, әсіресе Мексикадағы орнықты даму рөліне бағытталған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жазғы лагерьге қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, профессор, доктор Кай Нобах «Нюрнберг техникалық университеті мен ШҚТУ арасындағы одан әрі ынтымақтастық, Қазақстан мен Германия арасындағы тамаша достық көпірі» болатынын атап өтті.
Кездесу барысында ШҚТУ және ҚНУ арасында өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қойылды.
Шетелдік әріптестеріміз үшін ШҚТУ құзырет орталықтары мен зертханаларына экскурсия өткізілді.