Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбындағы Үкімет сағаты аясында бірқатар маңызды ұсыныстар қаралды. Іс-шараға Қазақстандағы демография саласының жетекші мамандарының бірі, тарих ғылымдарының докторы, «Digital Social Research» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Николаевич Алексеенко қатысты.
Өз сөзінде А. Алексеенко еліміздегі қазіргі демографиялық үрдістер туралы, демографиялық дамудағы негізгі мәселелер мен олардың демографиялық қауіпсіздікке тигізетін әсері жөнінде негізгі тұжырымдарды атап өтті.
Отырыс барысында сенаторлар мен сарапшылар демографиялық өсудің ел дамуы мен болашағы үшін стратегиялық маңызы бар екенін ерекше атап өтті. Сондықтан бұл мәселе тек әлеуметтік немесе экономикалық тұрғыдан ғана емес, ұлттық мүдденің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс.