Іс-шараға колледждерден 100 – ден аса түлектер мен Өскемен қаласы және ШҚО аудандарынан 200-ден астам жалпы білім беретін мектеп түлектері қатысты.
Меймандар үшін университеттің білім беру бағдарламаларының шеруі ұсынылып, болашақ абитуриенттер дайындық бағыттарымен жақын танысып, қабылдау және оқу шарттары жайлы ақпарат алды, сондай-ақ университет өмірінің атмосферасымен етене танысты.
Қонақтарға қызықты экскурсия ұйымдастырылып, оқыту аудиториялары, зертханалар, зерттеу және инновациялық алаңдар көрсетілді. Оқытушылар мен студенттер мектеп түлектерінің қызықтырған барлық сұрақтарына жауап беріп, әр мектеп өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ абитуриенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтты.
Концерттік бағдарлама барысында мектеп оқушылары мен студенттер арасында би сайысы өткізілді. Қатысушылар өз таланттарын, энергиясын және шығармашылық көзқарасын көрсетіп, жарқын және достық атмосфера қалыптастырды. Би сайысы күннің нағыз сәніне айналып, барлық қатысушыларға позитивті көңіл күй сыйлады.
Іс-шара ашық және танымдық атмосферада өтті. Барлық іс – шараның қатысушыларға алғыс білдіреміз және сіздерді ШҚТУ студенттері қатарында көреміз деп үміттенеміз!