Бүгін Қазақстанда коронавирус құрбандарын еске алу күні.

ШҚТУ ұжымы жақындарынан айырылғандарға көңіл айтып, індеттен қайтыс болған азаматтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирустан 400-ге жуық адам көз жұмды.

Пандемияға байланысты туындаған қиындықтарды қысқа мерзімде жеңу үшін барлық сақтық шараларын қатаң сақтап, жақынымызға жанашыр болайық.