Жаппай қуғын-сүргін кезінде елімізде 100 мыңнан аса адам қудалауға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесіліпті. Көбіне ғылым, мәдениет және саясаттағы бетке ұстар азаматтарымыз, яғни зиялы қауым өкілдері атылды.

Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.