10 тамызда Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай күні атап өтіледі.
Абайдың рухани мұрасы – халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оның шығармаларында білім мен ғылымға ұмтылу, адал еңбек ету, адамгершілік, жауапкершілік пен елге қызмет ету идеялары ерекше орын алады.
Ойшыл мұрасының өзегіндегі маңызды ұғымдардың бірі – «Толық адам» тұжырымдамасы. Ол ақыл, қайрат пен жүректі тең ұстаған, білімді, еңбекқор, саналы әрі жауапты тұлғаны қалыптастыру идеясын білдіреді.
ШҚТУ-да «Толық адам» қағидаттары білім беру және тәрбие үдерісінде жүзеге асырылуда. Университеттің мақсаты – студенттерге сапалы кәсіби білім берумен қатар, олардың зияткерлік әлеуетін, адамгершілік құндылықтарын, әлеуметтік жауапкершілігін және қоғамға қызмет ету мәдениетін дамыту.
Абай мұрасы бүгін де жас ұрпақты білімге, еңбекке және үздіксіз дамуға үндейтін маңызды рухани бағдар болып қала береді.