1 мамыр күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай мерекелік шеруге қатысты. 

Қала тұрғындары мен қонақтары, ресми тұлғалар бастаған шеруді қатысушылар қол соғып, қошеметпен колоннаны қарсы алып, салтанатты түрде шығарып салды.

Есеріңізге сала кетейік, мейрам 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен тойлануда. 100 ден аса ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке сүйікті мерекеге айналды.

ШҚМТУ баспасөз қызметі