Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Республика күніне орай мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламаны тамашалауға студенттер, университет басшылығы, профессорлық оқытушы құрам және жоғары оқу орнының тыныс тіршілігіне ат салысып жүрген барлық ұжым қатысты.
Мерекелі күнге орай студенттер, кәсіби әнші-бишілер бар өнерін танытты. 13 жылдан соң қайта тойланып отырған мереке тарихы жаңа қырынан ашылып, ел үшін елеулі болған күннің оқиғасы баяндалды.
Ұлттық мереке мәртебесін қайтарып, ел болып қайта тойланып жатқан құтты күннің маңызын Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы да алғы сөзінде атап өтті.
Құттықтау сөзінен кейін, ректор білім беру саласында кәсіби біліктілік танытқан оқытушыларды университет алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, университет қызметкерлеріне айтулы мерекеге орай сыйақы беріледі.