ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп, 2025 жылғы 12–26 қараша аралығында еліміздің оқу орындарында цифрлық қауіпсіздік сабақтарын өткізуде.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 13 қарашада Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде «Интернеттегі цифрлық тұзақтар: өзіңді қорғаудың қарапайым тәсілдері» тақырыбында интерактивті дәріс сабағы өткізілді, сабақ барысында АФМ-AI_DOS атты жасанды интеллект-офицері қолданылды.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар цифрлық алаяқтықтан қорғанудың жаңа тәсілдерімен, атап айтқанда, смартфонды киберқатерден қорғау, фишинг сілтемелерін және зиянды қосымшаларды тану жолдарымен танысты.

Сабақ соңында лекторлар мен студенттер пікір алмасып, болашақта қаржылық қауіпсіздік саласындағы басқа да өзекті тақырыптарды талқылау үшін осындай кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.