Кеше балалар біздің университетке қонаққа келген.

Оларды Семей теміржол станциясында қарсы алып, Өскемен қаласына автобуспен жеткізді. Балалар №3 жатақханада орналасты және ұзақ жолдан кейін демалды. Ал бүгін оларды белсенді күн күтті. Таңғы астан кейін медициналық тексеруден өтті. Бірінші экскурсия ШҚМТУ-дағы зертхана болды. Балалар ғылыми атмосфераға еніп, сұрақтар қойып, техникамен танысты. "Үлкен Алтай" мұражайында олар Шығыс Қазақстанның тарихымен жақынырақ танысты.

Оған қоса қаланың көрікті жерлері - Ертіс пен Үлбі өзендерінің қосылу орны, мемориалдық кешен көрсетілді.

"Пицца блюз" кафесі мен мейрамханалар желісі балаларға дәмді түскі ас сыйлады.

Күн этнопаркте қыдырумен аяқталды.

Ертеңнен бастап балалар "Простор" жазғы экспедициялық кампусында маусым бойы демалады.

ШҚМТУ Баспасөз орталығы