Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дағы университеттің ғылыми-зерттеу ортасын одан әрі дамыту және жаңғырту шеңберінде "DIGITAL SOCIAL RESEARCH" жаңа халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы жұмысын бастайды. Оны қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Сәкенқызы Әубәкірова басқарды. Сондай-ақ, орталық құрамына: жетекші ғылыми қызметкер Александр Николаевич Алексеенко, тарих ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкерлер Элеонора Олеговна Столярова, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты және Нелли Леонидовна Краснобаева, тарих ғылымдарының кандидаты кірді.
Халықаралық ғылыми орталықтың әлеуметтік капиталы берік әріптестік байланысы бар шетелдік және қазақстандық сарапшылардың - Social sciences саласындағы беделді зерттеушілері құрайды.
Халықаралық орталықтың жоспарында - жаһандық және макроөңірлік контексте қазақстандық қоғамды дамыту мен жаңғыртуды зерделеу мақсатында өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік-демографиялық тәуекелдерді тиімді басқару және әлеуметтік сұраныстардың трансформациясын талдау бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу бар.
Ғалымдардың күш-жігері жаңа гранттық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерге цифрлық технологияларды енгізуге, жас ғалымдар мен студенттердің жобалау қызметін оқытуға, университеттің жобалау-зерттеу ортасын дамытуға үлес қосуға бағытталатын болады.