10 қыркүйек күні сағат 11.00-де ШҚМТУ - да, қазақ тілінде республикалық синхронды диктант өтті. Ашық диктант латын графикасы негізінде жазылған.

Айта кетсек, шара жастар жылына орайластырылып, "Мың бала"мәдени-ағартушылық жобасы аясында өтуде.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, шараның мақсаты мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайту болып табылады. Диктант тақырыбы: "2019 жыл – Жастар жылы".

Бірнеше сағат ішінде комиссия мүшелері барлық жұмыстарды тексеріп, кешке нәтижелері Қазақстан халқы Ассамблеясына берілетін болады.

Акцияға тек студенттер ғана емес, сонымен қатар ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлері да қатысты.

ШҚМТУ-да 90 студент өз сауаттылығын тексерді.

  

ШҚМТУ бренд - кеңсесі