«Ділмар» дебат клубынын ұйымдастыруымен дәстүрлі «DILMAR cup-V» республикалық, турнирі өтті. Қазақстанның түкпір түкпіріндегі жоғары оқу орындарынан 30-дан астам спикер келді. Республикалық турнирде Павлодар, Семей, Астана қалаларынан келген спикерлердің ішінен үздіктер екі күн бойы ойын алаңдарында пікір алмасып, бақ таласты.

Турнирдін, қортындысы бойынша университетіміздің "Еркін сөз" дебат клуб мүшелері, Жер туралы ғылымдар мектебінің мұғалімі Тоқтарғалиев Айбек және Арыхханов Ертіс финалист атанып гранд финалда ойын ойнаса, Кеңес Ақгүл, Қамалбеков Ануар жастар алаңының жеңімпазы атанды.

Осындай мүмкіндіктер үшін университетңміздің ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызына алғыс білдіреміз!