Қазіргі уақытта, терроризм мен экстремизмнің таралу қауіпі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Терроризм актісін жасау қатерлеріне алғашқы әрекет ету» тақырыбында қызметкерлерге арналған сабақ өтті. Онда терроризм актісін жасау белгілерін анықтау, ол туралы басшылыққа, құқық қорғау органдарына хабарлау, сондай-ақ, үй-жайларды тексеру техникасы бойынша дағдыларды алу, жарылғыш құрылғылар қоюға болатын орындарды анықтау әдістемесін жетілдіру туралы ақпараттар айтылды.

Спикер ретінде Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Қуанышбек Тоқтағулұлы сөз сөйледі. Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Сабақ барысында көптеген өзекті мәселелер қозғалып, мысалдар келтірілді. Уақытылы хабарлау, бірінші белгілерді анықтай білу, алғашқы жасалатын әрекеттер сынды маңызды тақырыптар көтерілді. Университет қызметкерлері бірқатар сауалдарға жауап алып, ұтымды мысалдарды тамашалай алды.