«Қазаэронавигация» РМК Өскемен филиалы «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақсатан техникалық университеті» КЕАҚ білім алушыларына экскурсия өткізілді.

ШҚТУ білім алушылары ұшқыштар мен жердегі қызметтер арасындағы үздіксіз байланысты қандай технологиялар қамтамасыз ететінін, әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жүйелері қалай жұмыс істейтінін және бұл процесте әуе диспетчерлері қандай рөл атқаратынын білудің бірегей мүмкіндігіне ие болды.

«Қазаэронавигация» РМК Өскемен филиалының өкілдері барлық сұрақтарға жауап беріп, ШҚТУ білім алушыларын университетті бітіргеннен кейін Қазақстанның беделді азаматтық авиация компаниясына жұмысқа орналасуға шақырды.

Бұл экскурсия ШҚТУ білім алушылары үшін үлкен мүмкіндіктердің басы болып табылады. Бұл тек жұмыс табуға ғана емес, сонымен қатар кәсіби байланыс орнатуға, жаңа тәжірибе алуға көмектеседі.

Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК өкілдері барлық ниет білдірушілерді іс-тәжірибеден өтуге шақырды, оның нәтижесі бойынша студенттер дағдылар мен білім алады.