«Серпін–2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету және оқу үдерісіне деген ынтасын арттыру мақсатында «Әлеуметтік интеграция және стресс-менеджмент» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа ортаға бейімделу кезінде кездесетін қиындықтары мен ой-пікірлерін ашық білдірді. Мамандар күйзелісті жеңу, эмоциялық тепе-теңдікті сақтау және өзіне деген сенімділікті арттыру жолдары туралы пайдалы кеңестер берді. Сондай-ақ әр студенттің пікірі тыңдалып, еркін әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған практикалық жаттығулар өткізілді.

Тренингті Психологиялық қызмет жетекшісі Н.К. Жарасбаева және педагог-психологтер М.О. Самадиева, А.Т. Ерсайын, Ә.Қ. Рамазанова жүргізді.

Іс-шара студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне, өзара түсіністігін нығайтуға және қажетті психологиялық қолдау алуына мүмкіндік берді.