Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ғылым апталығы басталды.

Бүгін күннің бірінші жартысында университет базасында ШҚТУ келісімшарттық зерттеулер офисі «ЖАС ТАЛАП» ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастырды.

Байқаудың онлайн ашылуында ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор Денисова Наталья Федоровна сөз сөйлеп, турнирдің мақсаты - бірінші кезекте жастарды ғылыммен және өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, сондай - ақ өнертапқыштықтың мамандық ретіндегі маңыздылығын арттыру екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «Мен болашақ кеншімін!» эссе конкурсы өтті.

Конкурсқа 11 жұмыс келіп түсті, олар конкурстық комиссиямен тыңдалды және лайықты бағаланды. Жүлделі орындарға ие болған студенттерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.