«Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ» мамандары «Халықаралық бағдарламалар орталығы » АҚ ұйымдастырған  «Орта Азия елдерінде Қазақстанның білім беру күні» көрмесіне қатысуда .

Душанбе, Бішкек және Ташкент қалаларында өтетін  білім беру көрмесінде, аталған мемлекеттердің азаматтары оқуға түсе алатын  Қазақстанның 20 жетекші университеттері ұсынылуда.

Көрмеге келушілер қазақстандық білім берудің артықшылықтары мен ЖОО-да білім алу мүмкіндіктері туралы, сонымен қатар еліміздің жоғары оқу орындарындағы  бакалавриат, магистратура, аспирантура және екінші жоғары білім туралы толық ақпарат ала алады.

ШҚМТУ баспасөз қызметі