«Ғылым қоры» АҚ конкурстық құжаттаманы бекітіп, қысқа уақыт ішінде (шамамен қыркүйек айының соңына дейін) өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен нақты тақырыптар және экономиканың басым секторлары аясында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау бойынша жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. 

Гранттық қаржыландыру бағдарламасының басым бағыттары:

  • Қара металлургия;
  • Түсті металлургия;
  • Мұнай өңдеу;
  • Мұнай және газ химиясы;
  • Тамақ өндірісі;
  • Агрохимия;
  • Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі;
  • Автокөлік құралдарын, олардың бөлшектері, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарын өндіру;
  • Электр машиналары мен электр құрылғыларын өндіру;
  • Ауыл шаруашылық техникасын өндіру;
  • Теміржол жабдықтарын өндіру;
  • Тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
  • Тау-кен өнеркәсібіне арналған мұнай өңдеу және мұнай өнеркәсібі;
  • Құрылыс материалдарын өндіру;  
  • Нано және ғарыш технологиясы;
  • Робототехника;
  • Гендік-инженерлік
  • Болашақ энергиясын іздестіру және ашу.

Жобаны коммерциализациялау үшін 7 адамнан артық емес команда құрамы құралады. Жобаны іске асыру мерзімі қаржыландыру басталған күннен бастап 3 жыл. Бір коммерцияландыру жобасын іске асыру үшін қаржыландырудың максималды сомасы  300 000 000 теңгені құрайды.

Қаржыландыру бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты НИОКР нәтижелерін коммерцияландыру орталығында алуға болады.

Алина Исаханова, жоғарғы деңгейдегі білікті инженер.