5 қыркүйек күні тілдер күніне орай Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Көптілділік жастардың табыстылығының кеңістігі ретінде» атты Өскемен қаласының екі ауқатты жоғарғы оку орындары нағыз бәсекелеске түсті, яғни Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті.

Ойын Карл-Поппер форматы бойынша үш тілде өтті. Әр ойыншы тіл шеберлігімен шешендік өнерін көрсетті. Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалды. Ойын жоғары деңгейде өтті.

Төрешілік құрам:

  • Қазақ тілінің төрешісі: Тоқтарғалиев Айбек мырза @mus___97
  • Орыс тілінің төрешісі: Қыдырмоллаева Амина ханым @kydyrmollaevaa
  • Ағылшын тілінің төрешісі: Ашимов Дархан мырза

Нәтиже бойынша «Еркін сөз» дебат клубы жеңіске жетті. @ektu_e.s

«Үздік спикер» Муликова Малика атанды. @dilmardebates

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!