Ағымдағы жылдың 3 мамырында байырғы дəстүрді жалғап Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ студенттері мен қызметкерлері жыл сайын өтетін "Донорлар күні" науқанына қатысты. Іс-шара əрдайым көпшіліктің қатысуымен өтеді. Жыл санап қатысушылар саны көбеюде. Осы жылы да оқытушылар мен студенттер қатарынан 90-ға жуық ерікті ақысыз түрде донорлық қан тапсырды.

Іс-шара ұйымдастырушылары Донорлар күніне орай келушілерге жайлы жағдай жасап бақты. Университеттің кіре беріс залы қан құю бекетіне айналды. Студенттер мен оқытушылар ертелеп донорлық қан тапсыруға асықты. Ең алдымен донорлар дəрігердің тексерісінен өтуі шарт. Ал донор атанған еріктілерді облыстық қан орталығы қызметкерлері жылы шыраймен қабылдап, тиісті процедураларды орындады.

Аталмыш қайырымдылық шарасы Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ қабырғасында жылына екі рет өтеді.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, науқанға қатуға тілек білдірушілердің қатары жылдан жылға кобеюде. Тіптен, тұрақты донор атанып үлгерген студенттер де баршылық. Қатысушылар достарын да бұл қайырымдылық шарасына қатысуға шақыруда.

- Студенттеріміздің осы іспеттен əлеуметтік маңызы бар шараларға белсене қатысатындығы қуантады, - деп  Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың Əкімшілік бөлімінің директоры Маншук Байзельдинова атап өтті. - Мен студенттерімізді мақтан етемін. Олар - шығармашылық салада да,  өмірлік ұстанымдары жағынан да мақтауға тұрарлық жастар. Сондай-ақ жастарымыз əрдайым көмек қолын созуға дайын, əрі бірлесе бүкіл қиындықтарды шешуге қабілетті. Олардың өзгелерге қиындық туған сəттерде жəрдемдесуге дайын екендігі көңіл қуантарлық. 

Ақысыз донорлық қан тапсыру науқанын өткізудегі екіжақты өзара əрекеттестіктің маңыздылығын ескеріп, қолдау көрсеткені үшін Д.Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Жасұлан Шаймардановқа алғысымызды білдіреміз.

«Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚМ