Сіздерді Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздер күн сайын ғылымның тек формула мен зерттеу ғана емес, шабыт, төзім және болашаққа деген жауапкершілік екенін дәлелдеп келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз, ұқыптылықтарыңыз бен қолдауларыңыз ғылыми ортаны шынайы әрі жасампаз етеді.

Іске деген адалдықтарыңыз, білімге деген сүйіспеншіліктеріңіз және студенттер мен жас зерттеушілерге көрсетіп жүрген сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Дәл сіздердің арқаларыңызда жаңа идеялар туып, ғылыми мәдениет қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы жалғасуда.

Сіздерге еңбектеріңізден қуаныш, өз күштеріңізге сенім, әріптестер қолдауы мен жаңа жетістіктер тілеймін. Ашқан жаңалықтарыңыз әрдайым маңызды әрі нәтижелі болсын.

Ізгі тілекпен
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Рахметуллина С.