Сіздерді Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Студенттік шақ – адамның өміріндегі ең қызықты әрі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл – білімге құштарлық артып, жаңа идеялар туындайтын, арман-мақсаттар айқындалып, болашаққа нық қадам жасалатын ерекше уақыт.
Бүгінде университетіміз әлемнің 20-ға жуық елінен келген жастардың басын қосып отыр. Қытай, Мысыр, Моңғолия, Бангладеш, Әзербайжан және басқа да мемлекеттерден келген студенттер бір білім ордасында білім алып, тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ШҚТУ студенттері Венгрия, Польша, Индонезия, Қытай және басқа елдердің жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіріп, халықаралық тәжірибе жинақтауда.
Бұл – университетіміздің білім кеңістігінің шекарасы кеңейіп, түрлі мәдениеттер мен көзқарастар тоғысатын ортаға айналғанының көрінісі. Осындай ортада білім алған жас буынның дүниетанымы кеңейіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.
Қымбатты жастар! Алға қойған мақсаттарыңызға сенімді қадам басып, ізденуден, үйренуден және жаңа белестерді бағындырудан жалықпаңыздар. Әр мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз қабілеттеріңізді дамытуға ұмтылыңыздар. Студенттік шақтарыңыз жарқын кездесулерге, қызықты жаңалықтарға, шынайы достық пен толағай жетістіктерге толы болсын!
