Біздің еліміз биылғы жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтпек.

Әрбір қазақстандық отбасының тарихы осы айтулы оқиғамен байланысты. Біз, бүгін аталарымызға біздің Отанымызды қорғап, бізге өмір сыйлағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сізге университеттің «ШҚМТУ студенттерінің Жеңіс альманахы» бірегей жобасының қатысушысы болуды ұсынамыз.

Ол үшін Сізге келесі тақырыптарды ұсынамыз:

  1. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы менің отбасымның тарихы»
  2. «Менің жерлестерім-тыл мен майданның батырлары»
  3. «Менің туыстарым-Жеңіс жауынгерлері»
  4. «Соғыс жылдарындағы менің өлкемнің тарихы»

Осы бойынша эссе жазып, фотоматериалдарды тауып, әңгімесі бар бейнені түсіріп, ресімдей аласың. Материалдарды family.gulya@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдай аласың.  Бірге біз есте сақтаймыз! Бірге-біз мықтымыз! Бізбіргеміз!