"Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы" қысқа мерзімде күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Барлық зертханалар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Орталық «Гидравлика», «Гидрохимия», «Су ресурстарын интеграциялық басқару», «Жылыту жүйесі және желдету», "Сорғылар, желілер және Су дайындау», және "Автоматтандырылған жылу пункті» зертханалар кешенінен тұрады.

Жалпы Қазақстан бойынша мұндай су шаруашылығы орталықтары өте аз.

Орталықтың ашылуы тек жеке бөлімнің ғана емес, жалпы бүкіл университет үшін маңызды оқиға. Өйткені тәжірибеге бағдарланған дайындық – білім ордасының басты қағидаты. Университеттің білікті кадрларды даярлау жұмысы бойынша маңызды бөлігінің бірі сыртқы серіктестермен тығыз ынтымақтастықта болу. Себебі, кез келген құзыреттілік орталығының қызметі білім беруден басқа өңірдің әртүрлі шаруашылық объектілерінің қызметін жетілдіру бойынша маңызды ғылыми-практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.

Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының ашылу салтанатына экс –ректор, бизнес Мектебінің профессоры және ҚР ЖАК профессоры Юрий Баталов қатысты.

- Мен 1960 жылдан бастап осы университетте жұмыс істеймін. Біздің университеттің беделін дамытуға ықпал ететін барлық нәрсе маған қымбат. Мен сіздерге бас иемін, мақтан тұтамын! - деді профессор.

Сондай-ақ, ол білім ордасының бұрынғы кейіпін еске алып, қазіргі көріністермен салыстыра отырып өзінің ризашылығын және қуанышын жеткізді.

Құрметті қонақтардың қатарында "Үлбі-Электро "ПКФ" ЖШС комерциялық бөлімінің бастығы Әділ Аманов және Өскемен қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Өскемен-Водоканал" МКК өндірісті дайындау цехының басшысы Андрей Рыбин болды. Аталған мекемелердің қызметкерлерінің 90 % астамы ШҚТУ түлектері екенін атап өткен жөн.

- Көрген нәрседен өте жағымды әсер алдым, нақты жұмыс атқарылған. Бұл мамандықтың түлектері жұмыссыз қалмайтынын сеніммен айта аламын, -дейді Өскемен қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Өскемен-Водоканал" МКК өндірісті дайындау цехының басшысы Андрей Рыбин.

Ашылған орталық студенттер үшін ғылыми-зерттеу алаңына айналып, білімдерін тәжірибеде қолдануға септігін тигізеді деп сенеміз.