ШҚТУ студенттеріне білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Самар облысына (Ресей) барды. Сапар аясында басқарма мүшесі-ШҚТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы МИФИ НИЯУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Весна Елена Борисовнамен кездесу өткізді.
- «Кездесуде қос дипломды білім беру бағдарламаларын құру және іске қосу туралы алдын ала уағдаластық орнады. Атом энергетикасы саласында кадрлар даярлау үшін осы жұмысқа "Росатом" мемлекеттік корпорациясын (РФ) және біздің «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» компаниясын жұмылдыруды жоспарлап отырмыз», - деді Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы.
Бакалавриат және магистратура мамандары атом энергетикасы, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бағыттары бойынша дайындалатын болады.
Екі университет арасындағы осындай ынтымақтастықта бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жақсарту, ғалымдар мен жастарды тарту және IT-мамандықтарды дамыту жоспарлануда.