Құрметті бакалавриат түлектері! Магистратурада Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Германия университетінен қатар білім алғыңыз келсе, Котбус-Зенфтенберг Бранденбург техникалық университетімен (BTU Cottbus Senftenberg https://www.b-tu.de/leichtbau-werkstofftechnologie-ms) Металлургия бойынша қос дипломды магистратура бағдарламасын ұсынамыз.

Келісілген оқу бағдарламасы бойынша білім алып, БТУ-дың жоғары технологиялық және озық жабдықтарында ғылыми жұмысты орындауға, әртүрлі жобалар мен тағылымдама бағдарламаларына қатысуға және т.б. мүмкіндіктерге жол ашылады.

Магистрлік диссертацияны сәтті қорғасаңыз, оқуды докторантурада жалғастыруыңызға немесе Қазақстан мен Германияның жетекші кәсіпорындарында жұмысқа орналасуыңызға болады! Толық ақпаратты Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінен алуға болады (Абдулина Сауле Амангельдыевна - «Металлургия» ББ басшысы).

Котбус-Зенфтенберг Бранденбург техникалық университеті (BTU) - үш орналасқан кампус: орталық Котбус кампусы, Котбус-Заксендорф кампусы және Зенфтенберг кампусы.

Котбус-Зенфтенберг Бранденбург техникалық университетінде (BTU) білім алатын 6800 студентінің 40 пайызға жуығы шетелден келеді. БТУ-да 125 елден келген шетелдік студенттер оқыса, ең үздік студенттер Үндістан, Иран және Украинадан келген азаматтар деп мойындалған.

Университетте 180 профессор (оның ішінде шақырылған және кіші профессорлар мен профессордың орынбасарлары) және 642 академиялық қызметкерлер жұмыс істейді.

Котбус-Зенфтенберг Бранденбург техникалық университеті (BTU) Германиядағы он үздік техникалық университеттің қатарына кіреді.