«Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қолдауымен елдегі коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» атты акцияның басталғанын хабарлады.

Акция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Меморандумның басты мақсаты - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың студенттері мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Осыған орай, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын арнайы 1463 колл центрі қосылып, жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшалары ашылғандығы туралы хабарлады.

Акция бастамашылары, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауының басталғанын жариялады. Онда әрбір жас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын ұсына алады. Сонымен қатар, кейбір идеялар эксперименттік пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады, яғни жастар өз ұсыныстарының жүзеге асуын өз көздерімен көре алады.

Акция ұйымдастырушылары студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және осы акцияны жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырды, өйткені Әділетті Қазақстанның қалыптасуы әрбір азаматқа, соның ішінде бірінші кезекте жастарға жастарға байланысты екенін атап өтті.