«Біз «білім - ғылым- инновация үштігі» басқаратын постиндустриалды әлемге жылжып»

Н.Назарбаев

Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «отандық ғылымға инновациялық әдістер мен құралдарды» енгізу жайлы айтып кеткен. Біздің университет  отандық білім беру жүйесінде озат орындардың бірін иеленеді. ШҚМТУ-нің алға қойған міндеттерінің бірі  «жаңа бағыттың қозғаушысы болатын», Қазақстан экономикасын жаңа даму сатысына жеткізетін маман иелерін дайындау болып табылады.

Жиырмасыншы ғасырдың танымал ағылшын экономисті Дж. Шэкл айтуынша, нағыз экономист жан-жақты болу қажет, яғни «математик, философ, психолог, антрополог, тарихшы, географ, саясаттанушы, әдебиеттанушы, сонымен қатар, өмір мәнін түсініп, кәсіпкерлік пен қаржы сферасында тәжірибесі болуы қажет, ол мемлекетті басқару проблемаларын шешіп, кем дегенде 4 немесе 5 тіл білу қажет». Біздің бақытымызға орай, экономика факультетінің 3 курс студенттеріне дәл осындай адамнан лекция тыңдау мүмкіндігі тиді. Ол Новосибирск Мемлекеттік Университетінің профессоры, экономика ғылымының докторы, Ресей федерациясының жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген жұмысшысы Лычагин Михаил Васильевич. Ол шын мәнінде дарынды, сирек кездесетін адам. Алғашқы сабағынан бастап бізге санаулы минуттар ішінде өлең шумағын жазып, бізді өзіне тартты.  Михаил Васильевич  көп білетін адам. Ағылшын, француз, неміс, испан әр түрлі славян тілдерін меңгерген. Новосибирск мемлекеттік университетінің экономика факултетінде М. В. Лычагиннің «Қаржылық экономика» курсы әзірленген болатын.

Лычагин өзі де кіретін, Америка ассоциациясының құрамындағы шетел авторларының жарияланымдарымен таныстырды. «Экономика және менеджмент»  факультетінің үшінші курс студенттері мен магистрантары Америка ассоциациясының  ресми сайтынан ағылшын тілінде жаңа мақалаларды оқи алды.

«Қаржылық экономика» мамандығы басқа да мамандықтардың әдістері мен нәтижелеріне сүйене алады. Соңғы нәтижелердің қатарына «Математикалық және сандық әдістер» бөлінісін жатқызуға болады.

«Қаржы эконометриясы», «қаржы информатикасы» және «қаржы математикасы»(детерминировандық және стохастикалық) сынды пәндер аралас сабақ қатарына жатады.

Экономикалық қағидалар, экономика тарихы (қаржы инновацияның тарихы) сияқты пәндер арасында қарым-қатынасы айқын көрінеді.

Михаил Васильевич бізде актерлық дарынды да дамытты: әйгілі экономистердің рөлдерін сомдатып немесе вексель операцияларын жүргізу шараларымен айналыстыстырды. Профессор берген тапсырмалар жан-жақты болды, өз ойынды нақтылай білу, ақпаратты жүйелеп, тындаушыға жеткізе білу сынды жұмыстарға толы болды.  Әр жұмысқа жан-тәнімізбен қатысып, өз үлесімізді қостық. Студенттер тапсырма сондарында кішігірім есеп беріп отырды. Шағын есетемелерде жұмыс мақсаты, өзектілігі, қысқа тұжырымдамасынан құралды. Бұл бізге ары қарай ізденуге және одан ары өзімізді шыңдай түсуге көмектесті.

Михаил Васильевич әр тақырыпты нақты және қарапайым түрде түсінікті жеткізді. Т.Драйзердің әйгілі «Қаржыгер» романы, сақтандыру нарығы, Дж.Х.Чейза  және де  С. Шелдонның «Алиса ғажаптар әлемде» әлемдік әдебиеттердегі үзінділерді мысалға келтірді және опцион сынды қиын ұғымдарға түсініктеме беріп өтті.

«Қаржы экономикасы» пәнінен қорытынды жұмыс болып «ой картасын» құру болды. «Ой картасы» - бұл пән бойынша өткен барлық ақпараттан құрылған үлкен кесте.

Михаила Васильевичтің дәрістері мен тәжірибелері бізге үлкен септігін тигізді. Ол бізде тілге, мәдениетке деген қызығушылығымызды оятты. Барлығы өз қолымызда екендігін түсіндіре білді. Біз әрқашанда жеке тұлға болуымыз қажет және әр қашанда жан-жақты әзденіп, жақсылыққа ұмтылу қажет - бұл сөздермен Михаила Васильевич өз дәрістерін қорытындылайтын.

Авторлары: Вилкова Эвелина 11-БФ-2, Абдулина  Әсел 11-БФ-1