2026 жылғы 28 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасының студенттері «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты іс-шараға қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің «Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясы» РММ ұйымдастырды.
Кездесу барысында инспекция өкілдері студенттерге су ресурстарын ұқыпты әрі ұтымды пайдаланудың маңыздылығы туралы айтып, мекеме қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар болашақ мамандардың таңдаған кәсібінің еліміздің су ресурстарын сақтау мен тиімді басқарудағы және орнықты дамуындағы маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында қатысушыларға су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға және суға жауапкершілікпен қарауға бағытталған «Тамшы» бейнероликтері көрсетілді.
Кездесу студенттердің су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы кәсіби білімдерін кеңейтіп, болашақ мамандығының маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.