Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжінің базасында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының командалары арасында «Экономикалық альянс: педагог және студенттер» облыстық байқауы өтті.

Іс-шара жеті команданы біріктіріп, педагогтер мен студенттердің экономикалық білімін, қаржылық сауаттылығын, кәсіби дағдылары мен шығармашылық әлеуетін көрсету алаңына айналды.

Байқаудың ерекшелігі — педагогтер мен білім алушылардың бірлесіп қатысуы. Бұл тәлімгерлердің кәсіби тәжірибесін болашақ мамандардың бастамашылдығымен және жаңаша ойлау қабілетімен ұштастыруға мүмкіндік берді. Байқау барысында қатысушылар экономикалық жағдайларды талдау, практикалық міндеттерді шешу, негізделген шешімдер қабылдау және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

  • I орын — Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі.

Жетекшісі: Жасарова Р.А.
Қатысушылар: Айдарбекова Т., Үйсіпұлы О.

  • II орын — «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ.

Жетекшісі: Зубкова Ю.В.
Қатысушылар: Шушанников А., Егораев А.

  • III орын — ШҚО ББ «Глубокое техникалық колледжі» КММ.

Жетекшісі: Гаврилов И.Н.
Қатысушылар: Селиванов Н.Д., Құмарғалиев Д.М

«Экономикалық альянс: педагог және студенттер» облыстық байқауы педагогикалық тәжірибе алмасу, кәсіби қарым-қатынас орнату және Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің әкімшілігі іс-шараны өткізуге үлес қосқан ұйымдастырушы педагогтерге, байқау комиссиясының мүшелеріне, команда жетекшілеріне және барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыстарға, жаңа жетістіктерге жетіп, келешегі зор идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызға тілектеспіз!