Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжінің базасында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының командалары арасында «Экономикалық альянс: педагог және студенттер» облыстық байқауы өтті.
Іс-шара экономикалық және қаржылық сауаттылықты арттыруға, практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға, педагогтер мен білім алушылар арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.
Байқаудың басты ерекшелігі - педагогтер мен студенттердің бірлесіп қатысуы. Жеті команданың әрқайсысының құрамына бір педагог пен екі студент кірді. Бұл қатысушылардың кәсіби тәжірибесін, теориялық білімін, практикалық дағдылары мен шығармашылық әлеуетін біріктіруге мүмкіндік берді.
Байқау барысында командалар шығармашылық сәлемдесулерін ұсынып, экономика саласындағы білімдерін, практикалық тапсырмаларды шешу, экономикалық жағдайларды талдау, негізделген шешімдер қабылдау және командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Облыстық байқауды ұйымдастыру мен өткізуді директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Самойлова А.В. және колледж педагогтері Тұмабаева Д.С., Кудайбергенова Р.Е., Бухов О.Н. қамтамасыз етті.
Байқау жұмыстарын комиссия төрағасы Жанабаева А.С. және комиссия мүшелері Солтанбекова Ш.О., Мезенцева Л.А. бағалады.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
- I орын - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі.
Жетекшісі: Жасарова Р.А.
Қатысушылар: Айдарбекова Т., Үйсіпұлы О.
- II орын - «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ.
Жетекшісі: Зубкова Ю.В.
Қатысушылар: Шушанников А., Егораев А.
- III орын - ШҚО ББ «Глубокое техникалық колледжі» КММ.
Жетекшісі: Гаврилов И.Н.
Қатысушылар: Селиванов Н.Д., Құмарғалиев Д.М.
Сонымен қатар байқауға ШҚО ББ «Алтай қаласының техникалық колледжі» КММ, «Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжі» ЖШС, «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж» ЖМ командалары белсенді қатысты.
Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыруға, қаржылық сауаттылыққа деген қызығушылығын арттыруға, кәсіби ойлау қабілетін дамытуға және болашақ мамандардың практикалық даярлығын жетілдіруге ықпал етеді.
«Экономикалық альянс: педагог және студенттер» облыстық байқауы педагогикалық тәжірибе алмасу, кәсіби қарым-қатынас орнату және Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің әкімшілігі іс-шараны өткізуге үлес қосқан ұйымдастырушы педагогтерге, байқау комиссиясының мүшелеріне, команда жетекшілеріне және барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.















