Ағымдағы жылдың 30 наурызында Алматыда 5В050600 «Экономика» мамандығы бойынша РСПО ұйымдастырудың және өткізудің негізгі мекемесі болып табылатын «Нархоз» университетінде X Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадада Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің 4 курс студенттері Ольга Третьякова мен Олеся Тарнопольская және 3 курс  студенті Алина Икбаева мүшелік ететін «Шығыс қуаты» командасы қатысты. Команда жетекшісі - «Инженерлік кәсіпкерлік» кафедрасының аға оқытушысы  Л.А.Мезенцева.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрады. Командалардың ғылыми жобаларының нәтижелері бойынша команда бірінші іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ағымдағы жылдың 30 наурызында «Нархоз» университетінде 5В050600-Экономика мамандығының пәндері бойынша тестілеу, сондай-ақ қолданбалы есептерді  шешуді қамтитын екінші айналым өтті. Үшінші айналымда командалар өзінің ғылыми жобаларын ұсынды. Барлық турлардың қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қыздар командасы «Аналитикалық көзқарас» номинациясы бойынша дипломмен марапатталып, екінші орынға ие болды!