Бүгін 6 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі сараптама комиссиясының сапары аяқталды: 6В04104 — Кәсіпорындағы есеп, талдау және аудит; 6В04106 — Ғылымды қажетсінетін кәсіпорындардың қаржысын басқару; 7М04106 — Кәсіпорындағы есеп және аудит; 7М04112 — МВА жобаларды басқару; 7М07109 - медициналық инжиниринг (медициналық техника); 7М08301 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы.

Сараптамалық комиссияның сапары аясында университеттің жоғары басшылығымен, қызметкерлермен, ПОҚ-мен, түлектермен, білім алушылармен және жұмыс берушілермен кездесулер болды. Зертханаларға, тәжірибе базаларына экскурсия және құжаттаманы зерттеу сарапшыларға университеттің инновациялық қызметін бағалауға мүмкіндік берді.

Күннің соңында сыртқы аудиттің алдын ала қорытындыларын шығару және есеп жобасын дайындау жүргізілді.

Аккредиттеу жөніндегі қорытынды шешім САААЕ Аккредиттеу Кеңесінің отырысында қабылданатын болады.

Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы!