Бүгін 6 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР) сараптамалық комиссиясының сапары аяқталды.
Сапар барысында университеттің жоғары басшылығымен, қызметкерлерімен, профессорлық-оқытушылық құрамымен, түлектерімен, білім алушыларымен және жұмыс берушілерімен кездесулер өтті.
Сарапшылар зертханаларды, тәжірибе базаларын аралап, құжаттамалармен танысты, бұл университеттің білім беру процесінің сапасы мен инновациялық қызметін кешенді бағалауға мүмкіндік берді.
Сапар соңында сыртқы бағалаудың алдын ала қорытындылары шығарылып, есеп жобасы дайындалды.
Аккредиттеу бойынша түпкілікті шешім НААР Аккредиттеу кеңесінің отырысында қабылданады.
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы!