2018 жылдың 15 қарашасы күні «1С: Рейтинг» ЖШС  «1С: Мансап Күнін» өткізді. 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» және 5В07040 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша 2 және 3 курс студенттеріне қатысты. Бұл жерде кәсіпорындарлы автоматтандыру бизнесі қалай жұмыс істейтіндігі туралы нақты ақпаратты ұсынады. Фирманың жетекші мамандары бизнесті автоматтандыру нарығындағы жұмыс болашағы туралы айтып, студенттерге өндірістік практиканы өтуге, дипломдық жобалауға, сондай-ақ жұмысқа орналасуға шақырды.

Іс-шараның қонақтары ретінде қаламыздың АТ саласындағы ұйымдарының жетекшілері келді. Борис Евгеньевич, «Две Вершины» ЖШС директоры жұмыстарының бағыты, жұмыс жасайтын жобалармен таныстырып, студенттерді фирмаға практика өтуге және бірлесіп қызмет етуге шақырды. Павел Александрович, «EKZIS» ЖШС директоры студенттермен жеке-жеке кездесулер өткізіп, практикадан өту мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қызығушылық танытқан студенттермен байланыс мәліметтерімен алмасты.

Татьяна және Евгения фирма қызметкерлері студенттерге арналған ойынды ұйымдастырды, онда 1С мүмкіндіктері туралы білімдерін бағалады. Ойын соңында жеңіске жеткен топ  сыйлықтармен марапатталды. Шараның соңында қатысушылар арасында лотерея өткізді, онда 1С:Предприятие бойынша кітаптарды, антивирустық бағдарламалар және басқа да көптеген сыйлықтар үлестірілді.

Іс-шара барысында бітіру біліктілік жұмыстарыны конкурсының жеңімпаздарын марапаттау жүргізілді, Ақпараттық технологиялар кафедрасының 2018 жылғы түлегі Дмитрий Гончаренко 1С программалық өнімдерін пайдалана отырып орындалған, бітіру біліктілік жұмыстарының он бірінші Халықаралық конкурсының аймақтық турында ЕКІНШІ орын, ал осы байқаудың федералдық турында БІРІНШІ орынға ие болды.

Біз Дмитрий мен оның дипломдық жұмысы жетекшісі Иван Александровичті құттықтаймыз !!!

«1С-Рейтинг» фирмасы студенттерге білім алуы барысында ақпараттық технологиялар саласында қажетті практикалық дағдыларды игеруге қолайлы мүмкіндіктерін ұсынады.

«Ақпараттық технологиялар» Кафедрасының аға оқытушысы
Л.Сулейменова