Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасы рейтингісінің бірінші кезеңі аяқталды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген бұл зерттеу ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы мен олардың орташа еңбекақысы, бағдарламаның өзектілігін бағалау, сондай-ақ түлектердің сауалнама қорытындысына жүгінген еді.

Ондағы деректерге сүйенсек, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 26 ЖОО-ға зерттеу жүргізілген. 3,63 ұпаймен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті көш бастады. ЖОО түлектері 100% жұмысқа орналасқан және олардың орташа жалақысы 234 375 теңгені көрсеткен.