Университетінің достары» ЗТҚ ұйымдастырған «TOM Kazakhstan» халықаралық жобасы өтті. Жобаға Қазақстаннан және Ресейден  11 команда қатысты. Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ атынан «Машина жасау» кафедрасының оқытушылары  Р. Ғабдысалық, К. Бекболатов және Ж. Мухаметбек қатысты.

TOM (TIKKUN OLAM MAKERS) - өнертапқыштарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіретін жоба.

«ТОМ Kazakhstan» жобасы шеңберінде мейкатон ТОМ өткізілді. Бұл – «мakers» (өнертапқыштар, әзірлеушілер, инноваторлар, инженерлер және т.б.) және «need knowers» (мүмкіндігі шектеулі адамдар)  бірлесе мүгедектердің қоғамға бейімделуіне және олардың толыққанды өмір сүру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге арналған жасалуы қарапайым, пайдалануға ыңғайлы және бағасы қолжетімді прототиптер жасауды мақсат ететін 72 сағаттық марафон. Мейкатонда жасалған прототиптер барлық пайдаланушыларға қол жетімді болады және OPEN Makers Market сайтында жарияланады.

Біздің командамыз жіліншігінің үштен бірі ампутацияланған нидноуэрмен жұмыс істеді. Нидноуеріміз екі аяғының протездерін жасауды сұрады, оның аяғынан тұруға үлкен үміті бар. Мейкерлер екі аяққа қолжетімді материалдардан жаһандық компаниялар өнімдерінен әлдеқайда арзан болатын  протез жобалап, жасап шығарды.

Марафон қорытындысы бойынша біздің университет командасы ұсынған «ауыстырып тұру үшін алынбалы табаны бар екі аяққа арналған протез» жоба үздіктер қатарына қосылды. Жоба сәуір айының соңына жоспарланған Миокатонның үшінші кезеңіне өтті.

ШҚМТУ командасы Астана қаласының Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде білімдерін шыңдайды, онда олар одан әрі коммерцияландыру мақсатында әлеуетті инвесторларға және басқа да мүдделі тұлғаларға өз өнертабыстарын көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Р. Ғабдысалық
«Машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы