Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Well-being» атты жобасын іске асырды. Оның мақсаты ШҚТУ.Otbasy мүшелерінің жан жақты дамуына қолайлы орта құру.
Бүгін бұл жоба аясында «Baby Land» орталығы ашылды.
EKTU.Otbasy мүшелерінің көпшілігі – отбасылық өмірін білім беруге және ғылыми зерттеуге ортақтасып жүрген жас ата-аналар. Енді олардың балаларына кәсіби ұстаздар, аниматорлар, тәрбиешілер бас көз болады.
Орталықтың салтанатты ашылуына Өскемен қалалық қоғам белсенділері "Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы" ШҚО филиалының басшысы Цветкова Татьяна, кәсіподақ төрағасы Султанбекова Шахрам, сондай-ақ «Өскемен аруы 2021» жүлдегері Егорова Алина қатысты. Әйелдер қауымы Орталыққа балалардың білімін дамытуға арналған сыйлықтар табыстап, жаңа бастамаларға ізгі тілектерін білдірді!</