Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен IDP IELTS Kazakhstan (IELTS ресми тест орталығы) компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды. Осы құжат негізінде IELTS емтиханын Астанаға немесе Алматыға бармай-ақ университетте тапсыруға болады.

Бұл ынтымақтастық ЖОО ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби біліктілігін шыңдауға да ықпал етеді. Себебі, осыдан былай IDP-ден біліктілікті арттыру бойынша вебинарлар мен семинарлардың тұрақты қатысушылары болады.

Емтихан Paper Based форматында өткізіледі. Ең жақын тесттің мерзімі-2023 жылдың 22 шілдесі.

Емтихандарға тіркелу онлайн режимінде өтеді https://ielts.idp.com/book

Барлық сұрақтар бойынша +7 707 409 15 70 телефонына арқылы хабарласыңыз