Бүгін ШҚМТУ-да ҰБТ тапсырудың екінші күні өтті. Сынаққа қатысуға өтінім берген 145 талапкердің 139 тест тапсыруға кірді. 6 мектеп түлегі өз еркілерімен келмеді.

Емтиханға кірмес бұрын тест тапсырушылар бес сатылы дезинфекциядан өтіп, метелл іздегішпен жіті тексерілді. Кейін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып аудиторияларға өтті. Белгіленген орындарына жайғасты. Ата-аналар ҰБТ өту барысын үйінде отырып, онлайн көрді. Бұл үшін әрбір аудиториядан трансляция қамтамасыз етіледі.

3 мектеп түлегі телефон қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды. Солардың бірі «Алтын белгі» иегері.