Тұңғыш президент күні қарсаңында 29-қараша күні сағат 15:00 де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада  «жанды хроника» форматында кездесу өтті. Бұл кездесуге біздің университетіміздің «Ақпараттық технология» мектебінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1-курс студенттері, кураторлық жетекшіміз Роза Канашевна бастаған 18-ВТК-1 тобы барып қайтты. Кездесу барысында Елбасының Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары кезінде жүздескен тұлғалардың әңгімелері арқылы раритеттік кадрлар көрсетілді. Кітапхана қонақтары Президентпен кездесуден алған әсерлерімен бөлісті, олардың ішінде:

Шығыс Қазақстан облыстық Нұр-Отан басқармасының орынбасары Ануарбек Мұхтарханов  желтоқсанның бірінші жұлдызы қарсаңындағы  мерекемен құттықтай отырып, Елбасымыздың жеткен жетістіктерімен алға қойған мақсаттары туралы айтып өтті, соның ішінде «Мәңгілік – ел», «Дамыған 30 елдің қатарына кіру» жөніндегі мақсатымызды да айқындап көрсетті.

Жылы лебіздерін білдіруге келген қадірлі қонақтар өздерінің Елбасымен кездесу барысында бастан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Осы арқылы біздің Елбасымыздың ақкөңіл, парасатты жан екеніне тағы бір дәлел келтірді.

Талқысымен тайталасқан тың күші,
Туын тікті Бостандықтың – құнды ісі
Тумысынан парасатты  Президент –
Тәңір берген Тәуелсіздік тұңғышы!

Ортақ жетістіктер, мақтаныш, өзара сыйластық айқын көрініс тапқан бұл кездесуден алған әсеріміз ерекше.

18-ВТК1 тобының студентті Меделханова Нұрай,
кураторы Нурсадыкова Роза Канашевна