Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Елімнің тарихын - ән мен жырға қосамын!» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. «Абай» және «А.С.Пушкин» клубтарының оқырмандары Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында қазақ елі бастан өткерген қиындықтарды әнмен жырлап, жазған өлең жолдарын оқып берді.
Студенттер «Жайнай бер, мәңгі Қазақстан», «Халық әні Елім-ай», «Марш Целинников», «Желтоқсан желі», «Атамекен» әндерін айтып, жиналған көрермендердің жүрегіне жылулық пен патриоттық сезімдерді ұялатты.
Айта кету керек, «Абай» және «А.С.Пушкин» клубтары дарынды жастарды қолдау және дамыту, шығармашылық қарым-қатынас, қазақ, орыс әдебиеті классиктерінің мұрасын насихаттау мақсатында жұмыс істейді. Бүгін сахнаға шыққан білім алушалардың көбі бірініші курс студенттері. Дегенмен, түрлі облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды алып жүр.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің тарихын - ән мен жырға қосамын!» іс-шарасының өтуіне Гуманитарлық білім және дене шынықтыру Мектебінің қазақ және орыс тілдері кафедрасы мұрындық болды.