Әрбір еңбек әулетінің тарихында көпжылдық кәсіби тәжірибе, отбасылық дәстүрлер мен өмірін сүйікті ісіне арнаған жандардың тағдыры жатыр.
3 қарашада «EKTU EduWeek – 2026» академиялық апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде еңбек әулеттеріне, ұрпақтар сабақтастығы мен еңбектің құндылығына арналған «ЕҢБЕК ЖОЛЫ» ток-шоуы өтті.
Іс-шараның басты қонақтары еңбек жолы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-мен тығыз байланысты Қожахметовтер әулетінің өкілдері және университет тарихымен ұзақ жылдар бойы сабақтасып келе жатқан Столяровтар әулетінің өкілі болды. Әулеттің де өкілдері – университет түлектері. Университет олардың кәсіби жетістіктері мен еңбек дәстүрлерін сақтауға қосқан үлесін мақтан тұтады.
Ток-шоу барысында қонақтар өздерінің еңбек әулеттерінің қалыптасу тарихы, оның негізін қалаған жандар және отбасылық кәсіпті жалғастырған кейінгі ұрпақ өкілдері туралы әңгімеледі. Олардың әңгімелері әртүрлі кезеңдердегі фотосуреттермен толықтырылып, әулеттердің көпжылдық еңбек жолын таныстыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар қатысушылар жеке естеліктерімен, отбасылық дәстүрлерімен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек пен мамандықтың бірнеше ұрпақ өміріндегі маңызы туралы білді.
Іс-шара бағдарламасы кездесуге ерекше әсер сыйлаған музыкалық нөмірлермен толықты.
Кездесу соңында еңбек әулеттерінің өкілдеріне көпжылдық адал еңбегі мен еңбек дәстүрлерін сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» ток-шоуы еңбектің шынайы құндылығы жеке жетістіктермен ғана емес, келер ұрпаққа берілетін тәжірибе, білім және дәстүрлермен де өлшенетінін көрсетті.