25 қараша күні Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Erasmus + жобасына қатысушылардың көшпелі кездесуі өтеді. Дөңгелек үстел аясында серіктестер бірқатар мәселелерді қарастырады: «Жобаны басқару және қаржы-әкімшілік мәселелер», «Сапа кепілдігі», «Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу» және тағы басқа.
Магистрлік бағдарламаны әзірлеуге жұмыс берушілер де қатысады. 26 қарашада Workshop ұйымдастырылып, қатысушылар стейкхолдерлердің қажеттіліктерін және бағдарлама түлектерінің қандай құзыреттерге ие болу керектігін талқылайды.
Естеріңізге сала кетейік, Erasmus + - бұл Еуропалық Одақтың білім беру, Кәсіптік оқыту, жастар саясаты мен спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бағдарламасы. Ол Еуропа елдері арасында (Бағдарлама елдері деп аталатын), сондай-ақ Еуропа елдері мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасында барлық осы салалардағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктер береді.