Бүгін біздің университет қабырғасында Erasmus +жобасының қатысушыларын жинаған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, Erasmus + - білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты мен спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы.

Оффлайн іс-шараның қатысушылары Тәжікстан, Польша, Түркия профессорлары, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің серіктестері болды. Онлайн режимде жобаның Испания, Италия, Словения сияқты елдердің команда мүшелері, сондай-ақ KAZMinerals компаниясының өкілдері қатысты.

Бұл жобаның мақсаты - студенттерге еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келетін дағдылар мен құзыреттерді ұсыну мақсатында Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарында өнеркәсіптік кәсіпкерлік саласындағы адами капиталдың әлеуетін арттыру. Қатысушылар жобаны басқару, қаржы бөлімі, сапа кепілдігі және басқа да көптеген мәселелерді талқылады.

Екінші күні командалар өз жобаларын таныстырды. Erasmus + қатысушылары жұмыс нәтижелерін талқылап, стейкхолдерлермен ынтымақтастық және білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын берді. Кейін жоба қатысушылары мен тәлімгерлер кейстерді шешті.

Айта кету керек, мұндай ынтымақтастық серіктестердің өзара қарым-қатынасын, олардың тұрақтылығы мен сенімділігін дамытуға ықпал етті.